«I am a Singer» жобасы «Хабар» арнасынан көрсетіледі

«I am a Singer» жобасы «Хабар» арнасынан көрсетіледі

«I am a Singer» жобасы «Хабар» арнасынан көрсетіледі
ашық дереккөзі
«Хабар» арнасы Қытайда өтіп жатқан «I am singer» жобасындағы Димаш Құдайберген қатысқан барлық шығарылымды көрсетеді. Бұл туралы «Хабар» агенттігі басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев Фейсбуктегі парақшасында жазды. «Қазақ елі дарындарын қолдайды! «Хабар» агенттігі Димаш ұлын қолдайды! «Ештен кеш жақсы» дейді атам қазақ. Қытай тарапымен ұзаққа созылған қиын да күрделі келіссөздер артта қалды. Алла қаласа жаңа көктемгі маусымнан бастап «Хабар» арнасы ҚХР-да өтіп жатқан «I am singer» жобасындағы Димаш Құдайберген қатысқан барлық шығарылымды көрермен назарына ұсынады. Қуан қазақ, қуан көрермен! Алға, Димаш!!!», - деп жазды ол.