«Кешірім сұраймыз»: Көңілі босаған Мырзағали Айтжанов халыққа үндеу жолдады

Ол отандастарына қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтты.

«Кешірім сұраймыз»: Көңілі босаған Мырзағали Айтжанов халыққа үндеу жолдады
instagram
766

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Олипиадада күміс жүлдегер атанған Нұрбек Оралбайдың кездесуінен кейін халықтан кешірім сұрады.

«Жанкүйерлердің көңілі толмағанын түсінемін. Сондықтан, кешірім сұраймыз!

Жалпы ешкім ұтыламын деп келген жоқ. Жігіттердің бәрі барын салып, жұдырықтасты. Жақсы дайындықпен келді. Бірақ сәттілік жетіспеді деп ойлаймын. Мен бізді жақтамады, қорғамады деп ешкімді кінәламаймын. Барлығын өзімізден көреміз. Бұйырмай тұр, кем-кетік бар шығар. Сол себепті жеңіске жетпеген шығармыз.

Мырзағали Айтжанов боксшыларды сынағандарға жауап берді. Ол отандастарына қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтты.

«Бірақ жігіттердің ешқайсысы шаршаған жоқ. «Шаршады, дайындық нашар» дегендей небір сөзді естіп жатырмыз. Бүкіл әлем, әріптестерім біздің балаларға риза болып жатыр. «Жеңістеріңді алып қойды ғой» деген кезде біздің ел даттап жатқанын көріп, «қалай ел боламыз?» деп ойлаймын. Бір-бірімізді осындай уақытта қолдамағанда, қашан қолдаймыз?!  Ал жалпы барша жанкүйерге алғыс білдіремін

Мүмкін, елдің намысын қатты ойлаған соң солай айтып жатқан шығар, бірақ бәрі аман болсын. Қолдағаны да, қолдамағаны да, даттағандар да, қолдап жатқандар да... Қазақпыз, бір-бірімізді осындайда қолдамағанда қалай қолдаймыз? «Менмін» деген әлемнің бес дүркін чемпиондары, Олимпиада чемпиондары ұтылып жатыр, бұл – Олимпиада. Бәрімізге осы сабақ болды, желеу іздемейміз, кінә өзімізден»,- деді Мырзағали Айтжанов

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшылардан 80 келіде жұдырықтасатын Нұрбек Оралбай ғана Париж Олимпиадасында жүлдегер атанды.

Серіктес жаңалықтары