Ақтөбеде жарысқа бара жатқан балалар жол апатынан қаза тапты (ВИДЕО)

Маңғыстауда ұйымдастырылған жарысқа балалар Әйтеке би ауданы Қарашатау ауылынан шыққан.

Ақтөбеде жарысқа бара жатқан балалар жол апатынан қаза тапты (ВИДЕО)
скриншот
701

Ақтөбе облысында Самара — Шымкент тас жолында жол апаты болып, 6 адам қаза тапты. Оның үшеуі оқушы болған. 

«10:00-ден кейін Самара — Шымкент тас жолының 862-шақырымында «МАN» жүк көлігі мен «TOYOTA» жеңіл көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі мен бес жолаушы, оның ішінде үш бала оқиға орнында қаза тапты», — деп хабарлады жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.

Алдын ала болжам бойынша, балалар футбол жарысына қатысу үшін Маңғыстау облысына бара жатқан.

«Спорттық шараның өткізілуі туралы мемлекеттік органдарға хабарланбаған», — деп қосты полиция басшысы.

Алдын ала белгілі болған мәліметтерге сүйенсек, оқиға орнында қаза болғандар арасында 1987 жылғы ер азамат пен оның екі баласы бар. Тағы бір баланың кім екені анықталып жатыр. Балалар 6-7 сынып оқушылары болуы мүмкін.

Турнир ежересі бойынша 2013 жылы туған балалар шақырылған. Әзірге өзге көлікпен тағы да балалардың жолға шығуы мүмкін деген ақпарат тексеріліп жатыр. Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Жүк көлігінің жүргізушісі дін аман. 

Серіктес жаңалықтары