Алтай қаласында құтқарушылар бес жастағы баланы аман алып қалды

Егер құтқарушылар келмегенде оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді.

Алтай қаласында құтқарушылар бес жастағы баланы аман алып қалды
Сурет: ТЖМ
528

Алтай қаласындағы тұрғын үйдің 3-қабатының сынған терезесінде отырған баланы байқаған куәгерлер құтқарушыларды шақырған, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға орнына келген қызметкерлер үш иінді сатыны орнатып, терезеде жалғыз отырған бес жасар қызға жетті. Пәтерде ешкім болмаған әрі кіру есігі құлыптаулы болған.

Құтқарушылар баланы биіктіктен абайлап түсіріп, мән-жайды анықтау үшін учаскелік полиция бөліміне тапсырды.

Серіктес жаңалықтары