Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының жартылай финалына бір қадам қалғанда сүрінді.
51 келіде бокстасатын Сәкен Бибосынов ширек финалда 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы әрі әлем чемпионы өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа есе жіберді.
Қос боксшы бұған дейін 3 рет кездескен болатын. Оның екеуінде Дусматов жеңіске жеткен еді.
Еске сала кетейік, оған дейін Нұрбек Оралбай (80 келі) Олипиаданың жартылай финалына өткен болатын.