986
Әнші Роза Әлқожа желіде түнімен ұйықтай алмай жүргенін айтты
Өнер адамы балаларының денсаулығына байланысты алаңдаушылық білдірген.
Әлеуметтік желіде Роза Әлқожа балаларының ауырып қалғанын жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Өскеменнен келгелі балалар ауырып, түнімен ұйқы жоқ. Байқағаным - мутацияға ұшыраған түрленген ковид жүр екен барлық жерде. Өйткені қай қалада болса да, диагноз бір. Тамақ іседі, қызуы көтеріледі, іші түйнеп ауырады, құсу, іш өту белгілері бар. Сонда деймін де, адамнан (адам деуге келсе?!) жауыз тіршілік иесі жоқ екен ғой ғаламда?! Рахмет саған, иммунитет! Қандай ауру болса да жеңіп келеміз, шүкір! Алланың дегенін күтпей, қолдан дімкәс қоғам жасап, құр ділмарсыған ұрпаққа айналдық, ә?!», - деп жазды Роза Әлқожа.