"Жігіттердің физикасы өте нашар!" – Бақыт Сәрсекбаев боксшылар туралы

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 57 келі салмақта бокстасқан Махмұт Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңліп қалған болатын.

"Жігіттердің физикасы өте нашар!" – Бақыт Сәрсекбаев боксшылар туралы
сурет: kaz.vesti.kz
1142

Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасында жеңіліп қалған боксшылардың дайындығын сынға алды.

Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта демалуы қиындап, рингте әрең жүр. Соққы аз. Соққы комбинациясы тіптен аз. 3 минутта қанша соққы жаудыруға болатын еді?! 
Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған маман қайда қарап жүр? Целая научная группа қайда? Неге біздің боксшылардың демі неге жетпей жүр? Неге үш раунд аяқта тұра алмайды? Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің?
Бір сұрақ бар: әрбір боксшы лицензия алғаннан соң Олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді? Дайындалды ма? Мысалға мен жарты жылдың ішінде 22 жекпе-жек өткіздім. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ, тіпті! – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 57 келі салмақта бокстасқан Махмұт Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңліп қалған еді. Команда капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) жарыс жолынан шығып қалған болатын. 

Серіктес жаңалықтары