«Ұтылғанымды мойындау керек»: Боксшы Махмұт Сабырхан Олимпиададағы жеңілісі туралы (ВИДЕО)

Махмұт Сабырхан Олимпиадада жарыс жолынан шығып қалды

«Ұтылғанымды мойындау керек»: Боксшы Махмұт Сабырхан Олимпиададағы жеңілісі туралы (ВИДЕО)
instagram.com/boxingkazakhstan
1301

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан кездесу аяқтала сала «Қазспорт» арнасына сұхбат берді.

57 келі салмақта жұдырықтасатын Махмұт Сабырхан алғашқы айналымда Испанияның былғары қолғап шебері Хосе Кильес Бротонстан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған болатын.

«Ұтылғанымды мойындау керек. Бірақ 1 раундта испандыққа 5:0 беріп жіберді. Бірінші раунд бәрін құртып жіберді негізі. Бірінші раундта өзім жеңгендей болдым. Одан кейін 2 мен 3 раундта...Бірініш раундтан кейін сәл...Шынымды айтсам 1 раунд алып тұрған едім. Екінші раундта да алдым ба десем, оны да беріп жіберді. Үшінші раунд еш нәрсе шешпейтінімді білдім. Осымен Олимпиаданы аяқтадық. Бар күшімді салдым», – дейді боксшы.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан – бес дүркін ел чемпионы, жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы және Жастар арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Ересектер арасындағы Азия чемпионатында, 2021 жылы әлем біріншілігінде де күміс жүлдені місе тұтқан болатын. 2023 жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде 54 келі салмақта әлем чемпионы атанды.

Серіктес жаңалықтары