Елдос Сметов өзіне жанкүйер болған ер адамға теледидар сыйлады

Елдос Сметов өзіне жанкүйер болған ер адамға теледидар сыйлады
Nur.kz
823

Желіде Елдос Сметовтың белдесуінде жан-тәнімен айқайлап, беріле қолдау көрсеткен жігіттің видеосы тарап кеткен еді. Алматы облысы Талғар ауданында тұратын жанкүйер Сәбит Қалыбеков бүгін Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтен сыйлыққа жаңа теледидар алды, деп хабарлады turkystan.kz сайты nur.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоны TikTok желісіне жанкүйердің әйелі салып жіберген. Қысқа уақытта тарап кеткен видеоның астына жұртшылық Елдосты белгілеп, теледидар алып беруін сұрады. Артынша чемпион Алматыдағы досы арқылы жанкүйерін тауып, теледидар әперген.

Серіктес жаңалықтары