1573
«Күйзеліске түстім»: Танымал әншінің ұлы аурханаға түсіп қалды
Әнші Мақпал Исабекова екі жасар ұлы ауруханаға түсіп қалғанын айтты. Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында мәлім етті.
«Теодор оң жақ пневмониямен ауруханаға түсті. Мен онымен бірге жата алмадым. Әбден жыладым. Үйде емізулі қызым бар, ол да аздап ауырып қалды, ал оның туғанына 20 күн ғана болды.
Мен күйзеліске түстім, ұлым да осы жағдайды бастан кешіп жатыр. Қолында катетер, не болып жатқанын түсінер емес, анасының неліктен бір келіп, бір кетіп жүргенін, өзінің қайда жатқанын да түсінбей жылап жатыр», - деп жазды әнші желідегі парақшасында.