678
Алматы облысында 20 тонна шөп өртеніп кетті
Өрт сөндірушілер қоймадағы 20 тонна шөп өртенгенін хабарлады.
Алматы облысы Шалқар ауылындағы жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, өрт себебі анықталып жатыр», - деп түсіндірді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.