«Әрбір спортшыны жақсы түсінемін»: Василий Левит Олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі

Ол елордадан аттанған спортшылар жайлы айтты.

«Әрбір спортшыны жақсы түсінемін»: Василий Левит Олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі
Сурет: https://el.kz
612

Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит Парижге аттанған спортшыларға сәлем жолдады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бүгін 2024 жылдың басты додасы – Париж Олимпиадасының салтанатты ашылуы санаулы сағаттардан кейін басталады.
Астанадан Олимпиадаға 12 спортшы аттанды. Олар спорттың жеті түрі бойынша 14 лицензия жеңіп алды. Көбісі - теннисшілер. Еліміздің намысын Парижде Юлия Путинцева, Александр Бублик, Александр Недовесов және Александр Шевченко қорғайтын болады. Кеше ғана Қазақстан құрамасының көшбасшысы, теннисші Елена Рыбакинаның денсаулығына байланысты Олимпиада ойындарынан бас тартуға мәжбүр болғаны туралы хабар естідім. Тезірек сауығып жаттығуына табысты оралуын тілеймін. Тағы бір жолдаманы үстел теннисінен Кирилл Герасименко алды. Бокстан Қазақстан тарихында бірінші рет егіз боксшылар өнер көрсетеді. 80 және 92 келідегі ағайынды Оралбайлар ел намысын қорғайтын болады. Әйелдер боксынан елордалық Валентина Хальзова өнер көрсетеді. Жүзу спортынан Әділбек Мусин араға 16 жыл салып, 100 метрге баттерфляй және еркін жүзуден жазғы Олимпиада ойындарына қатыспақ. Қазіргі бессайыстан өткен Олимпиаданың қатысушысы Елена Потапенко өнер көрсетеді. Тағы бір спортшымыз Әмір Маймұратов «жылдамдық» пәні бойынша спорттық құзға шығудан өнер көрсетеді. Спортшының өз өнерін көрсететін ең жоғарғы жарыс деп Олимпиада ойындарын айтар едім. Олимпиада алтыны үшін күрес, сөзсіз, күрделі және шиеленісті болады. Мен әрбір спортшыны және оның жарыс алдындағы толқуын жақсы түсінемін. Себебі құраманың сапында бірнеше рет өзімде болғанмын. Елдің абыройын асыратын, байрағымызды желбірететін, Әнұранымызды әуелететін додада отандастарымызға сәттілік, жарқын жеңістер тілеймін!

Серіктес жаңалықтары