Жамбыл облысында комаға түскен сарбаз есін жиды (ВИДЕО)

Жігіттің ата-анасы қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді7

Жамбыл облысында комаға түскен сарбаз есін жиды (ВИДЕО)
instagram/poisk_region_10
592

Жамбыл облысы Отар ауылында әскерде әлімжеттіктен, комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат есін жиды. Бұл туралы @poisk_region_10 отрядының еріктілері мәлімдеді.

«Маусым айының соңында сарбаз комадан шықты. Алайда, саңырау күйде болды және бұрын жүргізілген трахеостомияға байланысты сөйлей алмады. Арада 1 ай уақыт өтті. Нұржігіттің жағдайы айтарлықтай жақсарды. Жігіттің ата-анасы қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді», - деп жазды еріктілер.

Еске салсақ, Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскен болатын. Оқиға 9 маусым күні болған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі сарбаздың жағдайы ауыр екенін мәлімдеген.

«Науқас 9 маусым күні Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қордай орталық аудандық ауруханасына «полисегментальды пневмония» диагнозымен жатқызылды. Оң жақта плеврит. 3-4 дәрежелі жұқпалы токсикалық шок. Сепсис. Мидың гипоксиялық ісінуі, церебральды кома 2-3. ДВС синдромы. Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді», - делінген хабарламада.

Президент сарбаздың комаға түсуіне қатысты мән-жайды зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Гвардейск гарнизонында ауруханада жатқан сарбаздың жағдайына орай ресми мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары