Отарда комаға түскен сарбаз: Тоқаев Қорғаныс министріне тапсырма берді

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.

Отарда комаға түскен сарбаз: Тоқаев Қорғаныс министріне тапсырма берді
istockphoto.com
638

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

«Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырд», - деп хабарлады Берік Уәли.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында комаға түске сарбаз жайлы хабарлаған болатынбыз.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері сарбаздың жағдайы туралы пікір білдірген еді.

Ведомствоның мәліметінше, науқас Қордай аудандық орталық ауруханасына 9 маусымда сағат 08:18-де Гвардейск әскери госпиталінен жедел медициналық көмек көрсетілуі үшін «полисегментарлық пневмония» диагнозымен түскен. Жігітке оң жақ плеврит, 3-4 дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок, сепсис, органдар жетіспеушілігі синдромы, мидың гипоксиялық ісінуі, 2-3 дәрежелі церебралды кома диагнозы қойылған.

Серіктес жаңалықтары