«2 тұрғын үй 1,5 жылдан астам уақыт бос тұр»: Жетісу облысында жұмысты уақытында аяқтамаған 2 шенеунік жұмыстан қуылды

Панфилов ауданында төрт 60 пәтерлі және екі 80 пәтерлі тұрғын үй 1,5 жылдан астам уақыт бос тұр. Олардың жалпы – құны шамамен 5,8 млрд теңге

«2 тұрғын үй 1,5 жылдан астам уақыт бос тұр»: Жетісу облысында жұмысты уақытында аяқтамаған 2 шенеунік жұмыстан қуылды
472

Жетісу облысы әкімдігінің бірнеше лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап.

Биыл мамырда Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі аудитінен кейін әкімдіктің бірнеше қызметкері жауапкершілікке тартылды.

"Мемлекеттік аудит өңірде бюджеттің нәтижелі атқарылуына әсер ететін бірқатар жүйелі проблемалар мен бұзушылықтарды анықтады. Мысалы, абаттандыру және инженерлік желілер бойынша жұмыстардың кешіктірілуі дайын тұрғын үйді қоныстандыру мерзімдерінің бұзылуына себеп болды. Соның нәтижесінде Панфилов ауданында төрт 60 пәтерлі және екі 80 пәтерлі тұрғын үй 1,5 жылдан астам уақыт бос тұр. Олардың жалпы құны – шамамен 5,8 млрд теңге. Бұзушылықтар басқа салаларда да анықталды",  – делінген хабарламада.

Аудит қорытындысы бойынша облыс әкіміне белгіленген тәртіппен ҚР заңнамасын бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту тапсырылды. Нәтижесінде 2 адам қызметінен босатылды, тағы 6 адам сөгіс алды, 2 адам ескертулер алды. Сонымен қатар 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары