Әрбірін іздеп тапқан: Қытайда 20 жыл бұрын жабылған зауыттың басшысы 406 қызметкеріне бар ақшаны бөліп берген

Былтырғы наурызда Го қиратылған зауыт ғимараты үшін 7,7 миллион юань өтемақы алыпты.

Әрбірін іздеп тапқан: Қытайда 20 жыл бұрын жабылған зауыттың басшысы 406 қызметкеріне бар ақшаны бөліп берген
сурет: SCMP composite/Shutterstock/Baidu
542

20 жыл бұрын жабылған зауыттың басшысы бұрынғы 400 қызметкеріне 8 миллион юань (1 миллион АҚШ доллары) төлеген, деп хабарлайды South China Morning Post. 

Чунцин қаласындағы Чунцин клапан зауытының бұрынғы директоры 70 жастағы Го Чжунчжи зауытты 1971 жылы құрған, ал жұмысшылар саны кезінде 400-ден асқан. Алайда, экономикалық жағдайға байланысты зауыт 2000 жылы жабылған, ал ғимарат 2018 жылы қаланың муниципалды жерді иелену жоспары аясында қиратылған.

Былтырғы наурызда Го қиратылған зауыт ғимараты үшін 7,7 миллион юань өтемақы алыпты. Ол осы ақшаны бұрынғы қызметкерлерінің арасында теңдей бөлген. Оларпды табу да оңайға соқпапты. Ол тіпті жұмыстан шыққандарға және қайтыс болғандардың отбасыларына да ақша төлеген.

Серіктес жаңалықтары