528
«Астана-Петропавл» жолында бояу тиеген фура аударылып қалды
Жол-көлік оқиғасы 21 шілде күні болған
Бояу тиеген фура «Астана-Петропавл» автожолында аударылып қалды. Полиция осыған қатысты іс қозғады, деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 21 шілде күні болған.
«Осы жылдың 21 шілдесінде «Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген «Volvo» жүк көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.