Желіде қазақстандықтарға 150 мың теңге берілетіні туралы ақпарат тарады

Алаяқтардың айтуынша, төлем туралы бірқатар министрліктер хабарлаған

Желіде қазақстандықтарға 150 мың теңге берілетіні туралы ақпарат тарады
stopfake.kz
489

Әлеуметтік желілерде бір реттік әлеуметтік төлем туралы жалған хабарлама тағы тарап жатыр.

Алаяқтар ақпарат шынайы болып көрінуі үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесін пайдаланған. Хабарландыруда әрбір қазақстандыққа 150 мың теңгеден беріледі делінген. Жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылған екен. Stopfake-тің мәліметінше, бұл жалған.

Алаяқтардың айтуынша, төлем туралы бірқатар министрліктер хабарлаған. Біз бұл ақпаратты тексердік. Бірде-бір ведомство мұндай жаңалықты жарияламаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында да, ҚР Қаржы министрлігінің сайтындада ештеңе жоқ.

Алаяқтар атап өткен ҚР қайырымдылық қоры деген қор жоқ.

Алаяқтардың сөзінше, бұл мемлекеттік бағдарлама Halyk Bank-пен бірлесіп іске асырылуда. Бірақ қаржы мекемесінің ресми порталында төлемдер туралы айтылмаған.

Мемлекет басшысының ресми сайтында мұндай ақпарат жоқ.

Қылмыскерлер берген сілтемеде азаматтар төлемнің бар-жоғын тексеру үшін ЖСН теруге тиіс. Бұл айла. Күмәнді сайтта деректерді қалдыра отырып, сіз өзіңіз туралы маңызды ақпаратты белгісіз адамдарға бересіз. Олар оны өз мақсатында пайдалана алады.

Баршаңызды тек ресми хабарламаларға ғана сенуге шақырамыз! - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары