Павлодар облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған тұрғын 17 жылға сотталды

Айыпталушы өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Павлодар облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айыпталған тұрғын 17 жылға сотталды
www.istockphoto.com
670

Павлодар облысында жергілікті түрғынның кәмелетке толмаған жәбірленушіге зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық сот баспасөзіне сілтеме жасап.

Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды.

"Р. кінәсін мойындамады, жәбірленушімен жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын алға тартты. Сондықтан оның әрекетін онша ауыр емес бапқа – ҚК-нің 122-б. 1-б., атап айтқанда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас ретінде қайта саралауды сұрады, – делінген хабарламада.

Нәтижесінде әбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелерін әрі екі аса ауыр қылмыстың жасалғанын ескере отырып, сот айыпталушыны 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ ол өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Серіктес жаңалықтары