«Қызға таласып қалған»: Алматыда 21 жастағы жігіт төбелес кезінде 17 жастағы бозбаланы өлтіріп алған

«Төбелес не үшін болды» деп сұрадым. «Қыз үшін болды, ана қыз полицияның машинасында отыр».

«Қызға таласып қалған»: Алматыда 21 жастағы жігіт төбелес кезінде 17 жастағы бозбаланы өлтіріп алған
www.istockphoto.com
1175

Алматыда қызға таласқан жас жігіттер пышақтасып, мұның салдарынан 17 жастағы бозбала көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматыда Томирис ықшамауданындағы үйді ұлы мен қызы аралас бір топ жасөспірім жалдап тұрған. Көрші-қолаң сейсенбіде таңғы алты шамасында солардың айқай-шуынан оянған. Мұнда оларды іздеп ересек жігіттер келген екен. Жігіттердің дәл сол жерде басталған әңгімесі көп ұзамай төбелеске ұласқан. Артынша 21 жастағы ер бала өзінен төрт жас кіші жігітті пышақтап, жасөспірім оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Ырысты Қалжан, көршісі:

— Бір бала дарбазаны ұрып, айқайлап жылап жатты. Қолы қан-қан, былай қарай жүгіріп кеткен. Екі жедел тобы келді. Бірден жедел жәрдем де жетті. Ана баланы жылдам алып кетті.

Жасөспірімдер жалдап тұрған үй қазір бос тұр. Ал қанды қылмысқа жігіттің қызғанышы себеп болған көрінеді.

— Ересектері болды, бұлардың. «Төбелес не үшін болды» деп сұрадым. «Қыз үшін болды, ана қыз полицияның машинасында отыр» деді. Куәгерлердің айтуынша, марқұмды пышақтаған соң, күдікті көлікке мініп қашып, полицейлер оны алысқа ұзатпай ұстаған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары