656
«Ғаламның кілті жақсы сөзде»: Роза Әлқожа астарлы жазба жариялады
Талантты әнші Шығыс Қазақстан облысында қыдырып жүр.
Ұзақ жолға шыққан әнші әлеуметтік желіде астарлы жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Шығыстай шырайлы елге келіп жеттік, шүкір! Пойызда тербетіліп, түрлі ойлардың жетегінде жеттік. Балалармен бірге шыға бермейміз, Алла сапарымызды оң етсін», - деді өнер иесі.
Алыс жолда ой толғаған әнші сөз құдыреті жайлы жазып, оқырмандарын ойлантып қойды.
«Сөз. Бүкіл ғаламның кілті жақсы сөзде. Абайлап қолданған абзал. Кемелденген сайын күрделенетін ғұмыр ма дерсің?! «Жаман сөздің өлетін жері - жақсының кеудесі» деген сөзге біраз тәуірлер таңғалысты бірде. Авторы ақын Танакөз еді. Бір сөзбен адам туысады, жат болысады, сағынып жүздеседі. Жадырап жүргенге не жетсін?! Жүзің жарық болғанға не жетсін?!», - деп жазды Роза Әлқожа.