Токиода жоғары сыныпта оқитын 14 оқушы қытырлақ картоптан уланып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды turkystan.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Оқушылардың бірі сабаққа ащы бұрыш қосылған өнімді алып келген. Сыныптағы 30 оқушы қызығып, дәмін татқан. Көп ұзамай оқушылардың жүрегі айнып, ауыз қуысы ауырған.
Нәтижесінде 13 қыз және 1 ер оқушы дереу арада ауруханаға жеткізілді.