Оқиға бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында орын алған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ ескертеді:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;
- Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.