Митингтегі атыс кезенде қаза тапқан күдікті Пенсильвания штатының 20 жастағы тұрғыны екені анықталды, деп жазады turkystan.kz.
Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, АҚШ Федералды тергеу бюросы (FBI) Трамптың митингісі кезінде қару қолданып, экс-президентке қарсы оқ атқан күдіктінің кім екенін анықтады. Ол сол штаттың Томас Мэтью Крукс есімді тұрғыны болып шықты. Бұл туралы CNN тілшісі Эбби Филипп жариялады.