515
Аптап ыстық: 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ертең ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" 14 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.
Оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжушы атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік, орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Еліміздің шығысында ғана антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, сондай-ақ солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады.