554
Қазақстан ұлттық құрамасы футболшысының өкпесіне шұғыл ота жасалды
Футболшының кеуде тұсына доп тиген.
“Ақтөбе” футбол клубының қорғаушысы Бағдат Қайыровтың кеуде тұсына мәскеулік “Спартакпен” өткен жолдастық матчта доп тиіп, жарақат алған, деп хабарлады turkystan.kz.
"Бағдаттың өкпесіне бірден ота жасалып, енді ойыншы ауруханадан кейінгі қалыпқа келу жұмыстарын жасап жатыр. Оларға мейлінше дереу жазылып, жасыл алаңға тезірек оралуын тілейміз!", - деп жазылған клубтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.