"Кептер жейтінбіз": Мөлдір Әуелбекова балалық шағын есіне алды

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

"Кептер жейтінбіз": Мөлдір Әуелбекова балалық шағын есіне алды
сурет: moldir.auyelbekova/Instagram
701

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова балалық шағынан еске алды, бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жазды

“Картоп күйесімен мейлі ғой. "Бала кезде неге біз кептер жедік екен?” деп ойланып отырмын. Кептер жегендер барсыңдар ма?" – деді әнші.

Желі қолданушылары да өз естеліктерін жарыса жазды.

“Талай кептердің етін жеп, сорпасын ішкенбіз”, "Бармыз", "Қой бағып жүріп, осылай картопты күйдіріп жеуші едік", "Бала кезде осылай жейтінбіз", "Есімде, дәмі күшті еді ғой" - деді көпшілік.

 

Серіктес жаңалықтары