Ел мәселесі – назарда

Ел мәселесі – назарда
Автор
Админ
258

Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын жалғастырып жатыр. Өткен аптада партияның ел аумағындағы қоғамдық қабылдау алаңдарында министрлік пен әкімдік өкілдерінің, Мәжіліс және мәслихат депутаттарының, сондай-ақ өзге де азаматтардың қатысуымен бірнеше кездесу өтті.

Азаматтар партияға түрлі мәселе бойын­ша жүгінуде. Атап айтқанда, өткен ап­тада су тасқынынан зардап шеккен адам­дарға өтемақы төлеу және Әкімшілік ко­декске өзгерістер енгізу, Үштөбе қала­сын­дағы бау-бақша мен мектепті сақтап қалу, Семейдегі балалар ауруханасында бол­ған мәселе және дәрі-дәрмекті таң­ба­лау сияқты бірқатар маңызды мәселе кө­терілді.
Сонымен қатар мобильді қоғамды қа­былдау бөлімдері Шығыс Қазақстан об­­лысының Өрел және Аршаты ауыл­да­рында және Батыс Қазақстан облысының Каз­талов кентінде азаматтарды қабыл­да­ды. Тұрғындар балаларды емдейтін тіс дә­рігерлерінің, балаларға арналған ойын алаң­дарының болмауы, сумен жабдықтау, ұялы телефон байланысы, сондай-ақ ақ­бөкендердің санын реттеу сынды өзекті мә­селелерге назар аударды.
Өткен аптада «AMANAT» партиясының қо­ғамдық қабылдау алаңы 1 112 адам қа­былдаған, сондай-ақ 1 688 өтініш келіп түс­кен.

Серіктес жаңалықтары