580
«Ақтөбе» еуромаусымды сәтсіз бастады
«Ақтөбе» УЕФА Конференция лигасындағы алғашқы матчын өткізді.
Өз алаңында Босниялық «Сараево» клубын қабылдаған ақтөбелік клуб бірінші кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Қос команда да кездесудің соңғы минуттарына дейін есеп аша алмады. Ақтөбеліктер шабуылда белсені болғанымен, діттеген нәтижеге қол жеткізе алмады. 90-минутта қонақ команданың ойыншысы Фрэнсис Кьереме алыстан дәл соққы жасап, матчтағы жалғыз голдың авторы атанды.
Айта кетейік, қарымта кездесу 18 шілде күні Босния және Герцеговинада өтеді.