Павлодар тұрғыны адам өлтіріп, мәйітті көлге батырып жіберген

Екі азаматтың арасындағы жанжалдың соңы қайғылы оқиғамен аяқталған.

Павлодар тұрғыны адам өлтіріп, мәйітті көлге батырып жіберген
Сурет: https://www.istockphoto.com
685

Бүгін сот залында Б-ға қатысты К.-ны өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Соттың анықтауы бойынша 2009 жылдың 6 шілдесінде масаң күйде болған Б., жанжал салдарынан К.-ны тұншықтырып өлтіріп, кейін денесін көлге батырып жіберген, – дейді соттың баспасөз орталығында.

Жауапкердің кінәсі сотталушының өзінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.

– Қылмыскер бұрын сотталған және жазасын түрмеде өтеген. Осыны ескере отырып, сот қылмыстардың жиынтығы бойынша Б.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары