Қазақстандық оқушылар халықаралық ғылыми олимпиадада 5 жүлделі орын алды

Оның ішінде екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 17 қатысушы елдің арасында жалпыкомандалық екінші орынды иеленді.

Қазақстандық оқушылар халықаралық ғылыми олимпиадада 5 жүлделі орын алды
Оқу-ағарту министрлігі
504

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында өткен ISPhO-2024 физикадан халықаралық ғылыми олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстандық оқушылар ISPHO олимпиадасында бес жүлделі орынды жеңіп алды.

 Байқау нәтижесінде қазақстандық оқушылар бес жүлде, оның ішінде екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 17 қатысушы елдің арасында жалпыкомандалық екінші орынды иеленді.

Қазақстан құрамасының мүшелері:

  • Марғұлан Нұрсағатов — Алматы қаласы РФММ-нің түлегі;
  • Досжан Бисимби — Алматы қаласы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Әмір Пшенбаев — Астана қаласы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» лицейінің түлегі;
  • Артур Ким — Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының түлегі;
  • Илияс Қазымбек — Астана қаласы РФММ-нің 9-сынып оқушысы.

Команда жетекшілері: Самат Мақсұтов – PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов – CDU магистрі.

Серіктес жаңалықтары