Бойжеткенді зорламақ болған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды

2020 жылы ол Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған.

Бойжеткенді зорламақ болған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды
Бас прокуратура
628

Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Грузиядан сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

2020 жылы ол Шымкент қаласында күш қолдану арқылы бойжеткенді зорламақ болған. Жәбірленуші белсенді қарсылық көрсетіп,қылмыскердің қолынан қашып құтылғандықтан, ол өз әрекетін аяғына дейін жеткізе алмады.

Сот аталған тұлғаны кінәлі деп таныған, алайда сотталған үкімді жариялауына қатыспай, жасырынып, тағайындалған жазаны өтеуден жалтарған. Соған байланысты ол халықаралық іздестіруге жарияланды. 2023 жылғы қазанда сотталушы Грузия аумағында ұсталды, - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша грузиялықтарап оны экстрадициялау туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

Серіктес жаңалықтары