"Өзі де білмеген": Нұрлан имам TikTok-тан 2 мың доллар табыс тапты

Күтпеген жерден көп ақшаға кенелген имам оқырмандарын қуантты.

"Өзі де білмеген": Нұрлан имам TikTok-тан 2 мың доллар табыс тапты
сурет: inbusiness.kz
642

Нұрлан имам TikTok-тан 2 мың доллар табыс тапты. Бірақ оны өзі білмей келген. Танымал мобилограф Қыран Талапбек желі арқылы қаражат табуға болатынын имамға түсіндіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

"Құрметті достар, Нұрлан имаммен кездесіп отырмыз. Бұл кісі TikTok арқылы ақша табуға болатынын білмей жүр екен. Осы күнге дейін 2000 АҚШ долларын жинапты. Шынымен де, балансы осындай суммаға жеткенін білмеген. Өзі білмегесін, кіріп көрсем ақшасы шығып тұр", - деді мобилограф.

Күтпеген жерден көп ақшаға кенелген имам оқырмандарын қуантты.

"Ақшаны оқырмандарымның біріне қажылыққа бірге баруға сыйлаймын", - деді имам.

Серіктес жаңалықтары