609
«Сынақтан сүрінбей өттік»: Мейрамбек Бесбаевтың әйелі әсерлі жазба жариялады
Танымал МузАрт тобының әншісі Мейрамбек Бесбаевтың жары, дизайнер Мархабат Бесбаева шаңырақ құрғандарына 20 жыл болғанын мәлім етті.
«Бүгін бізге 20 жыл. 8.07.2004 – 8.07.2024.
Бүгін біздің үйлену тойымыз болған күн.Мен сол бір тамаша күнді жиі еске аламын. Жадымдағы жылы естеліктер жүрегімнің түбінде сақтаулы.
Қызығы мен қиындығы қатар қаншама сәттер болды. Қанша сынақтан сүрінбей өттік.
Осының бәрі тағдырдың бізге берген сыйы. Аллаға шүкір! Мен жар таңдаудан қателеспеген бақытты жанмын.
Жаным менің, саған күш-қуат пен сарқылмас төзім тілеймін.
Біздің отбасымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін істеп жатқан еңбегің үшін, бізді алақаныңда ұстап аялағаның үшін мың алғыс.
Біздің бақыт пен қуанышқа толы күндеріміз али алда!», - деп жазды ол.