«Қарсыластарым, дайын болыңдар»: Екі Олимпиадаға қатысқан Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға қайта оралмақ

Ол Рио-де-Жанейро және Токио Олимпиадаларында бақ сынаған.

«Қарсыластарым, дайын болыңдар»: Екі Олимпиадаға қатысқан Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға қайта оралмақ
olympic.kz

Әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, Рио-де-Жанейро және Токио Олимпиадаларының қатысушысы Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксқа қайта оралмақ.

Кейінгі кезде ол кәсіби рингте бағын сынап жүрген болатын.

«Мен, Абылайхан Жүсіпов, Олимпиада ойындарынан кейін кәсіпқой бокста 2 жыл тәжірибе жинап, Қарағанды облысының Бокс Федерациясының және спорт басқармасының шақыруымен, қолдауымен әуесқой боксқа қайта оралып жатырмын. Жинаған тәжірибеммен туған өлкемде, Қарағандыда өсіп келе жатқан жас боксшыларға үлгі көрсетіп, оларды алға талпындырамын деген ойдамын. Қарағанды облысынан әлі де талай-талай Олимпиада ойындарының қатысушыларымен чемпиондары шығады деген ойдамын. Қарсыластарым, дайын болыңдар, мен өзімді көрсетуге дайынмын», – делінген боксшының әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.