Елена Рыбакина Уимбилдон турнирінің ширек финалында өнер көрсетеді

Қазақстандық теннисші Уимбилдон турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Елена Рыбакина Уимбилдон турнирінің ширек финалында өнер көрсетеді
Сурет: ҚТФ
347

Теннисші Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан Уимбилдон турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Отандасымыз 1/8 финалда бейтарап ту астында сынға түскен Ресей теннисшісі Анна Калинскаямен кездесті. Бірінші сетте Анна Калинская дәрігерлер көмегіне жүгінді, бірақ содан кейін матчты жалғастырды. Ал екінші сетте ойынды жалғастырудан бас тартты.

Серіктес жаңалықтары