«Шертіп жүріп күйеуге шығамын»: Актриса Қаракөз Тілеубекова жеке өмірі туралы
«Мені қайтесің сен? Әртіспін. Үйде отырмаймын. Гастрольде жүремін. Сол саған керек пе?»
Актриса Қаракөз Тілеубекова El.kz YouTube арнасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы сырын ақтарды.
«Мен көбіне ер адамдармен жұмыс істеймін. Қыздармен таныссам, бірінші күйеулеріммен танысамын. Сосын барып әйелдерімен танысамын. Кейде мынадай жағдай болады. Ғашық болады. «Мені қайтесің сен? Әртіспін. Үйде отырмаймын. Гастрольде жүремін. Сол саған керек пе» деймін. Көп жігіттің бетін қайтардым. Кейбір кезде солардың көз жасы ма деп ойлаймын. Мен қазір тұрмыста емеспін ғой. Қазір де кеш емес. Ешқашан кеш емес. Шертіп жүріп күйеуге шығамын, шығатын болсам. Егер қаласам...
Балалық махаббатпен менің махаббатым өтіп кеткен секілді. Адам баласы өмірде бір-ақ рет ғашық болады. Мектепте ансамбльде әдемі жігіт болды, өмірден озып кетті. Ол балаға ән арнағанмын. Сол баладан кейін қатты жақсы көрдім деп айта алмаймын. Қазір мені өзіне қарату үшін ол адамның қалай болу керек екенін білмеймін. Бәрі менен қорқады деп айтады. Менен неменеге қорқасың? Мен де адаммын. Мен де қыз баламын. Мен де махабббаты қалаймын. Мен де ғашық болғым келетін шығар», – дейді актриса.