Астана қаласы Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды төиенше жағдайлар министрлігі.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері барған кезде бірінші қабаттағы пәтердің ішінде ашық жалын байқалып, қою түтін болған.
Өрт орнында құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында ашық жалын басылып, өрт оқшауланды.
Нақтыланған мәлімет бойынша, тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан тігін бөлмесінен өрт шыққан. Өрттің аумағы 50 шаршы метрді құрады.
ТЖМ қызметкерлері үш буынды саты мен автосатыны пайдалана отырып, жоғарғы қабаттардан 17 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды.
Зардап шеккендер жоқ.