Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

/
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынады.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Шерзод финалда Әзірбайжан өкілі Ахмад Юсифовқа жол берді.

Осылайша Шерзод Давлатов әлем чемпионатын күміс жүлдемен қорытындылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары