Қазақстандық шабандоз Румынияда өткен жарыста жеңіске жетті

Сибиуде румыниялық көпкүндік жарыс 7 шілде күні басталды.

Қазақстандық шабандоз Румынияда өткен жарыста жеңіске жетті
Sports.kz
395

«Astana Qazaqstan Development Team» командасының шабандозы Макс Уолкер Румыниядағы «Тур Сибиудың» екінші күнінде жеңіске жетті, деп хабарлады turkystan.kz сайты Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Сибиуде румыниялық көпкүндік жарыс 7 шілде күні басталды. Бүгін екі жартылай кезең бойынша велоспортшылар сынға түсті: таңертеңгі 103 шақырымдық топтық жарыс және кешкі 3,3 шақырымдық қысқа жарыс. 

«Шынымды айтсам, жартылай кезең қиын болды. Әсiресе соңында бар күшімді салдым. Мен жеңiс үшiн күрескiм келдi, бiрақ бастапқы кезеңде жақсы нәтиже көрсете алмадым. Сондықтан мен кезеңнің екiншi жартысына барынша дайындалып, жүлдеге қол созуға тырыстым. Кешке мен өзімді жақсы сезіндім және жарысқа дайын болдым. Қашықтық қысқа, бірақ техникалық жағынан күрделі болды. Қуанышқа орай, біз жеңіске жеттік. Мен бүгінгі күнді сәтті аяқтағаныма қуаныштымын», - деді Макс Уолкер. 

Серіктес жаңалықтары