«Мойнымен көтереді»: Роза Әлқожа інісінің әрекеті жайлы пікір білдірді
Әншіге «Балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!» деп жазған оқырмандарының біріне жауап берді.
Танымал әнші Роза Әлқожа інісі Әбдіжаппар Әлқожа мен ұлының ұсталуына қатысты жазба жариялады.
«Қыз ұзатудан әдемі көрініс. «Сіздей алтын құрсақты ана болсын» деп ырымдап шақырады ғой. «Ата-ананың ниеті қабыл» деген, шын жүректен ізгі ниетпен ұзатып жатамыз. Пенде өзіне ғана жауап бере алады. Әркім ақылына қарай адымдайды. Бағана біреу жазыпты "балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!» деп. «Жаным, қызым - үйде, қылығы – түзде»дегендей, ешкім сыртта жүргеннің тілеуін тілегеннен басқа ештеңе істей алмайды. Жігіт болған соң, серуен-сейіл деген болады. Сосын «мойнымен көтереді». Ал, жақсылықты ниет ету, жамандықты таратпау да тәрбиеден!», - деп жазды ол.
Еске салсақ, Желіде қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа Қонаевта полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.