Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Футболшы Нұрбол Жұмасқалиев «Тобыл» клубының бас бапкері болды

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
istockphoto.com
16141

Өткен аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Шолу жасайық.

Апта басында шоумен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. 

Сонымен қатар бірқатар қала мен облыс әкімдерінің орынбасарлары тағайындалды. Атап айтқанда, Азамат Қалдыбеков Алматы қаласы әкімінің, Жасұлан Сәрсебаев Абай облысы әкімінің, Ербол Нұрғалиев ШҚО әкімінің орынбасары болды.

Ал Кеңес Орақов Маңғыстау атом энергетика комбинатына басшы болып тағайындалды.

Сондай-ақ футболшы Нұрбол Жұмасқалиев «Тобыл» клубының бас бапкері болды. 

Серіктес жаңалықтары