Павлодарда жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Ол 3 шілде күні жоғалып кеткен

Павлодарда жоғалып кеткен жасөспірім табылды
gov.kz

Павлодарда жоғалып кеткен 2008 жылғы жасөспірім табылды, деп жазады turkystan.kz Lider.kz еріктілер жасағына сілтеме жасап.

«Іздеу тоқтатылды. Табылды. Тірі», - деп жазды еріктілер жасағы.

Айта кетейік, 2008 жылы туған Темірлан Досов 3 шілде күні жоғалып кеткен. Ол сол күні сағат 9:00-де Толстой көшесі, 103 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Бойы – 150 сантиметр, дене бітімі – арық, шашы – қара түсті, өсіп кеткен. Үстінде – артқы жағында «Қазақстан» деген жазуы бар көк түсті спорттық костюм, аяғында – сұр кроссовка.