Жауын-шашын, жел, тұман: Қазанға арналған ауа-райы болжамы жарияланды

/
Жауын-шашын, жел, тұман: Қазанға арналған ауа-райы болжамы жарияланды
istockphoto.com

Қыркүйек айының соңында Қазақстанның басым бөлігінде негізінен құрғақ ауа райы сақталады. Алайда 1 қазаннан бастап жағдай өзгеріп, көптеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел күшейеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 29–30 қыркүйекте еліміздің басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады. Осыған байланысты айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.

1 қазаннан бастап Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер әсер ете бастайды. Олар тұрақсыз ауа райын, найзағайлы жаңбырды және желдің күшеюін алып келеді.

Түнгі және таңғы уақытта кейбір аудандарда тұман күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында 1–3 градусқа дейін үсік сақталады.

Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз ауа температурасы +15…+23°С болады.

Еліміздің оңтүстігінде температура біртіндеп төмендейді: бастапқыда +20…+25°С, таулы аймақтарда +10…+15°С болса, кейін +15…+23°С-қа дейін, таулы жерлерде +8…+13°С-қа дейін төмендейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар