Абай облысында мейрамхана маңында оқ атқан тұрғын 5 тәулікке қамалды

/
Абай облысында мейрамхана маңында оқ атқан тұрғын 5 тәулікке қамалды
Polisia.kz

23 қыркүйек күні сағат 02:00 шамасында Момышұлы көшесінде орналасқан мейрамханалардың бірінің маңында мас күйінде болған ер адам сигналдық тапаншадан аспанға екі рет оқ атқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол Семей қаласының 23 жастағы тұрғыны Никита Боронин болып шықты.

Ер адамға қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін тиісті шаралар қолданылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар