«130 мың теңге бөлінеді»: Қостанай облысында 11 адамға химиялық кастрация жасалады

Кастрация жасалу үшін мемлекеттік бюджеттен бір адамға 130-135 мың теңге бөлінеді. Бұл сомаға дәрігерлердің кеңесі, тексеру және жылына 24 инъекция кіреді.

«130 мың теңге бөлінеді»: Қостанай облысында 11 адамға химиялық кастрация жасалады
istockphoto.com

Биыл Қостанай облысында сот шешімі бойынша 11 адам химиялық кастрациядан өтеді. Мұндай жаза кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы жасалып отыр.

Кастрация жасалу үшін  мемлекеттік бюджеттен бір адамға 130-135 мың теңге бөлінеді. Бұл сомаға дәрігерлердің кеңесі, тексеру және жылына 24 инъекция кіреді.

Осы қызметті көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды Жітіқара аудандық ауруханасы мен Арқалық аудандық емханасы жеңіп алды.

Келісімшарттар әлі қаралып жатыр. Кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған 11 адамға арнайы препараттарды енгізу арқылы химиялық кастрация жасалады.