Париж Олимпиадасына баратын қазақстандық теннисшілердің тізімі жарияланды

Құрамды жасақтау Олимпиада регламенті негізінде жүргізілген.

Париж Олимпиадасына баратын қазақстандық теннисшілердің тізімі жарияланды
ҚТФ

Қазақстан теннис федерациясы Париждегі Олимпиада ойындарына қатысатын теннисшілердің тізімін жариялады. Құрамды жасақтау Олимпиада регламенті негізінде жүргізілген. 

Регламент бойынша теннисшілердің ATP және WTA әлемдік рейтингтеріндегі жеке позициялары негізге алынған. Нәтижесінде құрама сапында 5 теннисші жарысқа аттанады. 

Жекелей сында:
• Елена Рыбакина
•  Юлия Путинцева
•  Александр Бублик
• Александр Шевченко

Жұптық сайыста:
• Александр Бублик/Александр Недовесов.

Алдағы Олимпиадада Қазақстан теннис құрамасы үшін алғаш рет әлемнің 58-ші ракеткасы Александр Шевченко өнер көрсетеді. Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) А.Шевченконың Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан мәдени және отбасылық байланыстарын, сондай-ақ оның анасы Жезқазған қаласының тумасы екенін ескеріп, оған еліміздің туы астында өнер көрсетуге рұқсат берген.