2024-2025 оқу жылына қанша грант бөлінгені белгілі болды

Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түсетіндерге 3 903 грант бөлінген.

2024-2025 оқу жылына қанша грант бөлінгені белгілі болды
istockphoto.com
439

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мәлім етті. Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді.

«Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» білім беру бағдарламалар тобы бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген.

Бұдан бөлек «Серпін» бағдарламасы арқылы оқуға түсетіндерге 3 903 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы 4 даярлау бағыты бойынша білім алуға болады.

Серіктес жаңалықтары