Уимблдон: Юлия Путинцева әлемнің экс 1-ракеткасын жеңді

Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты.

Уимблдон: Юлия Путинцева әлемнің экс 1-ракеткасын жеңді
Сурет: ҚТФ
349

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» жарысының үш дүркін чемпионы, әлемнің экс 1-ракеткасы, қазіргі кезде 221-орында тұрған германиялық Анжелика Кербермен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Путинцева матчты қарқынды бастады. Есеп – 3:0. Бұдан кейін Кербер есепті теңестіргенімен, қазақстандық спортшы есесін жібермеді. Есеп – 7:5.

Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Юлия брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді. Есеп – 6:3. 

Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, чехиялық Катержина Синяковамен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары