Алматыда жедел жәрдем дәмхананы бұзып кірген (ВИДЕО)

Оқиға бүгін сағат 16:10-да Бостандық ауданында болғанын мәлімдеді.

Алматыда жедел жәрдем дәмхананы бұзып кірген (ВИДЕО)
скриншот
289

Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, жазғы дәмхананы бұзып кірген.

Әлеуметтік желіде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды. Кадрларда көлік жазғы дәмханаға кіріп кеткенін көруге болады.

Полицейлер бұл оқиға бүгін сағат 16:10-да Бостандық ауданында болғанын мәлімдеді.

«Жедел жәрдем жүргізушісі Шашкин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Toyota және Hyundai маркалы көліктерімен соқтығысқан, сондай-ақ, жазғы дәмхананың қоршауына кіріп кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деді полиция.

Серіктес жаңалықтары